locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Тобол» Конференция лигасындағы алғашқы матчын қай командамен бастайтыны белгілі болды

Ең қауіпті қарсыластардан құтылды
«Тобол» Конференция лигасындағы алғашқы матчын қай командамен бастайтыны белгілі болды
ФОТО: Тобол

2026/2027 жылғы еурокубок маусымында екінші іріктеу кезеңінен өз жолын бастайтын жалғыз қазақстандық клуб – «Тобол». Қостанайлықтар Конференция лигасындағы алғашқы іріктеу сатысындағы қарсыласын анықтап үлгерді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ел кубогының иегері Литваның «Паневежис» клубымен кездеседі. Алғашқы ойын қарсыластың алаңында өтеді, ал қарымта матч Қостанайда ойналады. Бұл кезеңдегі ойындар 23 және 30 шілдеде болады.

Айта кетейік, «Тобол» — еурокубоктарда алғашқы қарсыласын анықтаған соңғы қазақстандық клуб.

«Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеуін Черногориялық «Сутьеска» командасына қарсы ойындармен бастайды, ал «Астана» мен «Елімай» Конференция лигасындағы алғашқы қарсыластары ретінде тиісінше Албаниялық «Динамо Сити» және Армениялық «Алашкертпен» кездеседі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie