Екі ай және жеті матч: «Астанадан» өзбекстандық вингер кетті
Асылбек Абдурасылов астана төрінде ұзақ тұрақтамады
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Астана
«Астана» өзбекстандық вингер Асылбек Абдурасыловпен қош айтысқанын жариялады. Ол команда сапын биыл сәуір айының басында ғана толықтырған болатын, деп хабарлайды Sports24.kz.
18 жастағы вингер Григорий Бабаянның ұжымында Өзбекстанның «Газалкент» клубынан жалға келіп, «Астана» сапында бар болғаны жеті матчта небәрі 86 минут қана алаңда өткізді.
«Асылбекке клубтағы уақыты үшін алғыс білдіреміз және алдағы мансабына сәттілік тілейміз!» – делінген астаналық клубтың қоштасу хабарламасында.
Айта кетейік, жуырда «Астана» Конференция лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы қарсыласын білді. Ол – албандық «Динамо Сити» болмақ. Толығырақ мына жерден оқи аласыз.