locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Opta суперкомпьютері әлем чемпионатының басты фаворитін атады

Испанияның беделді трофейді иелену мүмкіндігі ең жоғары
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images

Opta статистикалық порталы футболдан әлем чемпионаты басталмас бір күн бұрын 2026 жылғы мундиальдің нәтижесін болжау үшін өз суперкомпьютерін іске қосты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Opta-ның соңғы математикалық есептеулері бойынша, Испания құрамасының беделді трофейді иелену мүмкіндігі ең жоғары — сарапшылар «Фурия Роханың» жеңіске жету ықтималдығын 16% деп бағалайды.

Франция мен Англия үздік үштікте

Бұл рейтингте Испанияның басты қарсыластары Франция – 12,9% ықтималдықпен екінші орында, ал Англия 10,8% нәтижемен үздік үштікті түйіндейді.

Аргентина мен Бразилия үздік үштіктен тыс қалды

Жасанды интеллект үздік 20 команданың тек жалпы жеңіске емес, плей-оффтың негізгі кезеңдеріне өту мүмкіндігін де саралады. Қазіргі әлем чемпиондары Аргентина 10,1% нәтижемен төртінші орынға тұрақтады, ал Португалия (7,1%) алғашқы бестікте Бразилияны (6,6%) басып озды. Үздік жиырмалықтың ішінде суперкомпьютер Мексикаға ең төменгі жеңіс мүмкіндігін берді — бар болғаны 0,9%.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты Қазақстан уақыты бойынша 11-нен 12 маусымға қараған түні, сағат 00:00-де басталады. Ашылу матчында Мексика мен Оңтүстік Африка кездеседі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie