Смаков «Тоболдың» «Партизаннан» өту мүмкіндігін немен байланыстыратынын түсіндірді
Қазақстан футболының ең атақты ойыншыларының бірі, ұлттық құраманың рекордшысы Самат Смақов Sports24.kz порталына берген эксклюзивті сұхбатында жеребе қорытындысын және костанайлық команданың мүмкіндігін саралады.
Костанайдың «Тоболы» Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде аса танымал қарсыласқа тап болды. Қазақстандық клубқа Сербияның көп дүркін чемпионы, еурокубоктардың тұрақты қатысушысы Белградтың «Партизаны» қарсы келеді.
«Шынын айтқанда, жеребеде «Тоболға» сәл ғана жолы болмады. «Партизан» – танымал бренд, еурокубоктардың тұрақты қатысушысы. Сондықтан, әрине, бұл оңай болмайды», – деді Смақов.
Сонымен қатар ол қазіргі футбол барған сайын болжап болмайтын ойынға айналып келе жатқанын, ал бұл жұптағы тағдыр жасыл алаңда шешілетінін атап өтті.
«Соңғы әлем чемпионаты көрсетті – бәрі футбол ойнауды, бәрі қорғануды үйренді. Сондықтан «Тобол» мен «Партизан» арасындағы бар мәселе тек алаңда шешіледі», – деп толықтырды ол.
Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчы «Партизан» мен «Тобол» арасында Белградта 6-7 тамыз түні өтеді. Ойынның басталуы – Қазақстан уақыты бойынша 00:00-де. Қайтар матч 13 тамыз күні Костанайда, сағат 20:00-де басталады.