ЛК «Партизан» — «Тобыл» матчіне арналған құрамдар белгілі болды
7 тамызға қараған түні «Партизан» мен «Тобыл» Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді. Қос команданың ойынға қандай құрамда шығатыны да белгілі, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Паневежиске» қарсы өткен жауапты кездесумен салыстырғанда Мирослав Ромащенко тек бір ғана ауыстыру жасады: бастапқы құрамда Максим Мякиштің орнына Абдулае Сиссе шықты. Қалған позициялар өзгеріссіз қалды.
«Партизан» мен «Тобылдың» бастапқы құрамдары төмендегідей:
- «Партизан»: Крунич, Койзек, Алексич, Вукотич, Джурджевич, Костич, Митрович, Роганович, Сек, Симич, Ибрагим
- «Тобыл»: Устименко, Милованович, Боршич, Жагоров, Зуев, Ндиае, Сензаджи, Сиссе, Тагиберген, Талаль, Чесноков
Португалиялық төреші Луис Годиньоның старттық ысқырығы елорда уақытымен 7 тамыз түні дәл сағат 00:00-де естіледі. Ойынды тікелей эфирде қайдан көруге болатыны да белгілі.
Еске салайық, командалар арасындағы қарымта кездесу 13 тамызда Қостанайда өтеді. «Партизан» — «Тобыл» жұбының жеңімпазы плей-офф кезеңіндегі қарсыласын әлдеқашан біледі — ол испаниялық «Хетафе» болады.
