locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық төреші ЛК-ның 3-іріктеу кезеңі матчында жұмыс істейді

Болат Сәриев «Шкендия» — «Хиберниан» кездесуіне тағайындалды
Қазақстандық төреші ЛК-ның 3-іріктеу кезеңі матчында жұмыс істейді
ФОТО: КФФ
Конференция лигасы
13.08.2026, 14.00
Шкендия-79 Тетово
-
Хиберниан
-

УЕФА төрешілер комитеті Қазақстандық арбитр Болат Сәриев бастаған бригаданы Солтүстік Македонияның «Шкендиясы» мен Шотландияның «Хиберниан» командалары арасындағы Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жауапты матчына тағайындады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Сәриевке алаңда Сергей Васютин мен Денис Лабашов көмек көрсетеді. Төртінші төреші қызметін Данил Горде атқарады. VAR жүйесінде де қазақстандық маман – Айдын Тассыбаев жұмыс істейді, ал оның ассистенті – венгриялық төреші Тамаш Богнар.

«Шкендия» мен «Хиберниан» арасындағы жауапты кездесу 13 тамыз күні Солтүстік Македония астанасы Скопье қаласындағы Тодор Проески атындағы ұлттық стадионда өтеді. Астана уақытымен ойын 23:00-де басталады.

Бұл – 2026/2027 маусымындағы еурокубок турнирлерінің үшінші іріктеу кезеңіне қазақстандық төрешілер үшін берілген жалғыз тағайындау. Ал Сәриев үшін бұл ойын – ағымдағы еурокубок маусымындағы алғашқы матч емес.

Бұған дейін Сәриев Швейцарияның «Тун» және Хорватияның «Динамо» Загреб командалары арасындағы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында (1:1 есебімен аяқталған) жұмыс істеген болатын.

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie