locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Месси алаңға оралған матчта «Интер Майами» Лига Кубогынан шығып қалды

Аргентиналық футболшы әкесінің қазасынан кейін алғаш рет ойнады, алайда командасын жеңілістен құтқара алмады
Месси алаңға оралған матчта «Интер Майами» Лига Кубогынан шығып қалды
ФОТО: Getty images

«Интер Майами» Лига Кубогы-2026 турниріндегі өнерін аяқтады. Үшінші турда Майами командасы өз алаңында Мексиканың «Леон» клубына 2:3 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Sports24.kz. Бұл кездесу Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси қайтыс болғаннан кейінгі алғашқы ойыны болды.

Алаң иелері бірінші таймның соңында есеп ашты. 42-минутта Даниэль Пинтер «Интер Майамиді» алға шығарды. Осылайша, үзіліске америкалық клуб 1:0 есебімен басым күйде кетті.

Екінші таймда ойынның барысы күрт өзгерді. 50-минутта Даниэль Арсила таразы басын теңестірсе, арада үш минут өткенде Янник Брайт «Интер Майамиге» қайтадан басымдық сыйлады. Дегенмен 61-минутта Хуан Домингес есепті 2:2-ге жеткізді.

Кездесудің тағдыры соңғы минуттарда шешілді. 85-минутта Арсила тағы да мергендік танытып, дубль авторы атанды. Оның екінші голы «Леонға» 3:2 есебіндегі жеңіс әкелді. Осы нәтиже «Интер Майамидің» плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін жойды.

Кубок лигасы-2026. 3-тур
«Интер Майами» - «Леон» - 2:3
Голдар:
Пинтер, 42 (1:0), Арсила, 50 (1:1), Брайт, 53 (2:1), Домингес, 61 (2:2), Арсила, 85 (2:3).

Лионель Месси кездесуді қосалқы құрамда бастап, үзілістен кейін Пинтердің орнына алаңға шықты. Аргентиналық жұлдыз бұған дейін әкесінің қазасына байланысты командадан уақытша кеткен еді. Хорхе Месси 8 тамызда Росариода 68 жасында өмірден өтті.

Майами клубы Кубок лигінің алғашқы матчында «Атлетико Сан-Луисті» жеңгенімен, кейін «Монтеррейге» есе жіберді. Ал «Леоннан» 2:3 есебімен жеңілу команда үшін шешуші нәтиже болды - «Интер Майами» жарыстың келесі кезеңіне өте алмады.

Ал «Леон» алғашқы кезеңдегі үш кездесуінің барлығында жеңіске жетіп, турнирдегі жорығын жалғастырды.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie