locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Шетелдік клуб «Тобыл» қақпашысына қызығушылық танытты

Данил Устименко ресейлік «Крылья Советовтың» назарына ілікті
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: kazfootball.kz

Қостанайлық «Тобылдың» қақпашысы Данил Устименко бұл жазда Қазақстан Премьер-лигасын Ресей Премьер-лигасына ауыстыруы мүмкін, деп хабарлайды Sports24.kz.

ASnews.kz мәліметінше, 25 жастағы «Қайрат» түлегі Ресейдің элиталық дивизионында ойнайтын клубтың шорт-листіне енген.

Бұл маусымда қазақстандық қақпашы «Тобыл» сапында барлық турнирлерде 15 ойын өткізді. 25 жастағы Устименко «Қайрат» жүйесінен шығып, 2025 жылдан бері қостанайлық клубта өнер көрсетіп келеді.

Жаңа маусымның алғашқы екі турында Самара клубы Ресей Премьер-лигасында екі тең ойын өткізіп, турнир кестесінде оныншы орында тұр. «Тобыл» да 20 турдан кейін КПЛ-да оныншы орында.

Айта кетейік, 6 тамызда «Тобыл» УЕФА Конференциялар лигасының іріктеуіндегі бірінші ойында «Партизаннан» ойсырай ұтылды — 0:3 есебімен.

ЛК іріктеуіндегі қарымта кездесу 13 тамызда Қостанайда өтеді. Екі матч қорытындысы бойынша жеңімпаз Конференциялар лигасының негізгі кезеңіне шығу үшін шешуші ойындарда испаниялық «Хетафеге» қарсылас болады. Бұл матчтар 20 және 27 тамызда өтеді.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie