locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Елена Рыбакина – Кори Гауфф. Онлайн көру

Рыбакина Торонто турнирінің финалына шығу үшін Гауффпен кездеседі
Елена Рыбакина – Кори Гауфф. Онлайн көру
ФОТО: KTF

Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Торонтода өтіп жатқан WTA турнирінің жартылай финалына шықты. Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы әлемдік рейтингте төртінші орында тұрған америкалық Кори Гауфф болады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Рыбакинаның жартылай финалға дейінгі жолы

Рыбакина Канададағы турнирде төрт кездесу өткізіп үлгерді. Қазақстандық теннисші кезекпен австралиялық Дарья Касаткинаны, америкалық Энн Лиді, ресейлік Людмила Самсонованы және жапониялық Наоми Осаканы жарыстан шығарды.

Енді финалға шығар жолда Рыбакинаны Кори Гауфф күтіп тұр. Америкалық теннисші Кейла Дэй, Мария Саккари және Алина Корнеевадан басым түсіп, жартылай финалға жетті. Ал оның тағы бір қарсыласы Белинда Бенчич жарақатына байланысты кездесуден бас тартқан.

Матч 13 тамыз күні таңертең өтеді. Кездесу Астана уақытымен сағат 05:30-да басталады. Ойынға тікелей көрсетілім мына сілтемеде қолжетімді.

Финалда кім күтіп тұр?

Рыбакина – Гауфф кездесуінің жеңімпазы финалда екінші жартылай финалдық жұптың мықтысымен кездеседі. Онда украиналық Элина Свитолина мен польшалық Ига Швентек өзара сынға түседі.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie