«Тобол» Конференция лигасында «Партизанға» қарсы: қайдан көруге болады
6 мен 7 тамызға қараған түні Қостанайдың «Тобол» командасы Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчында Сербияның «Партизанымен» кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесу Сербия астанасы Белградта өтеді және қазақстандық клуб үшін үлкен сынақ болмақ. Турнирдің алдыңғы кезеңінде «Тобол» литвалық «Панежевис» клубын тек пенальти сериясында жеңген болатын. Енді Қостанай командасы сербиялық грандымен кездесуге аутсайдер статусымен шығады.
- Ойынның ең қызықты сәттері live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz арнасында қолжетімді болады
Transfermarkt мәліметінше, «Партизан» құрамының жалпы құны 44,1 миллион еуроны құрайды. Белградтық клубтың ең қымбат ойыншысы — трансферлік құны 10 миллион еуроға бағаланатын О gnен Угрешич.
«Тоболдың» ең қымбат ойыншысы — Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков, оны Transfermarkt 1,2 миллион еуро деп бағалайды. Қостанайлық ұжымның жалпы құны — 9,78 миллион еуро.
«Партизан» - «Тобол» матчы 7 тамыз күні сағат 00:00-де Қазақстан уақытымен басталады. Ойынды тікелей эфирде Qazsport телеарнасы мен ресми сайтынан көруге болады.