locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ПСЖ - «Астон Вилла» матчының УЕФА Суперкубогындағы бейнешолуы

Париждік клуб ағылшындық «Астон Вилланы» 2:1 есебімен жеңіп, екінші жыл қатарынан жүлдеге қол жеткізді
ПСЖ - «Астон Вилла» матчының УЕФА Суперкубогындағы бейнешолуы
ФОТО: Getty images
УЕФА Супер Кубогы
12.08.2026, Аяқт.
ПСЖ
2
Астон Вилла
1

Францияның ПСЖ клубы УЕФА Суперкубогының иегері атанды. Жүлде үшін өткен кездесуде париждіктер Англияның «Астон Вилла» командасын 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесудің алғашқы бөлігінде ПСЖ есеп ашты. 21-минутта Хвича Кварацхелия допты қабылдап, айып алаңына кірді де, жақын жоғарғы бұрышты дәл көздеді - 1:0.

Алайда париждіктер үзіліске дейін басымдығын сақтап қала алмады. 45-минутта Джон Макгиннің пасынан кейін 17 жастағы Брайан Маджо қорғаушыдан озып, допты қақпаға бағыттады - 1:1. Осы голдың арқасында Маджо 17 жас 212 күнінде УЕФА Суперкубогы тарихында гол соққан ең жас футболшы атанды.

Екінші таймда ПСЖ қайтадан алға шықты. 61-минутта Дезире Дуэ париждіктердің шабуылын нәтижелі аяқтап, есепті 2:1-ге жеткізді.

Қалған уақытта «Астон Вилла» таразы басын теңестіруге тырысты. Дегенмен ПСЖ қорғаныста сенімді ойнап, қарсыласына есепті өзгертуге мүмкіндік бермеді. Нәтижесінде кездесу француз клубының 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Осылайша, ПСЖ екінші жыл қатарынан УЕФА Суперкубогын жеңіп алды. 2025 жылы париждіктер клуб тарихында алғаш рет бұл жүлдеге қол жеткізген еді. Сол кезде ПСЖ негізгі уақыттағы 2:2 есебінен кейін «Тоттенхэмді» пенальти сериясында жеңді.

Назарларыңызға ПСЖ - «Астон Вилла» матчының бейнешолуын ұсынамыз.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie