«Тобыл» ЛК іріктеуінің алғашқы матчында «Партизанға» есе жіберді
«Тобыл» Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта Сербияның «Партизанынан» 0:3 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Атақты ұжым ойынның отызыншы минутында есепте алға шықты, әрі қарай да өз басымдығын күшейте түсті. Екінші тайм басталған соң тоғыз минут өткенде «Партизан» тағы бір гол соқты, алайда шешуші сәтте қолмен ойнау болғандықтан, бұл гол есепке алынбады.
- Сондай-ақ оқыңыз: Еуропада «Тобылдың» «Партизанға» қарсы алғашқы таймына баға берді
Дегенмен, Мирослав Ромащенко шәкірттерінің қақпасына екінші гол 65-минутта енді. «Тобыл» тіпті есеп айырмасын қысқартуға да сенімді көрінбеді. Керісінше, сербтер үшінші голды соғып, плей-офф кезеңіне кім өтетінін іс жүзінде шешіп қойды.
Жауапты матч 13 тамыз күні Қостанайда өтеді. Екі кездесудің жеңімпазы Конференциялар лигасының негізгі кезеңіне жолдама үшін испаниялық «Хетафеге» қарсы шешуші матчтар өткізеді. Бұл ойындар 20 және 27 тамызда өтеді.
Конференциялар лигасы, 3-іктеу кезеңі, 1-матч
«Партизан» (Сербия) — «Тобыл» — 3:0
Голдар: Сек, 32, Ибрагим, 65, Траоре, 90+6