locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ромашенко «Партизанға» қарсы алғашқы матч алдында пікір білдірді

ЛК іріктеуінің алғашқы матчы Белградта 6-нан 7 тамызға қараған түні өтеді
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: «Тобыл»
Конференция лигасы
06.08.2026, Аяқт.
Партизан
3
Тобыл
0

«Тобылдың» бас бапкері Мирослав Ромашенко УЕФА Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі сербиялық «Партизанға» қарсы алғашқы матч алдындағы үміттерімен бөлісті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қостанайлық команданың жаттықтырушысы өте ауыр ойын күтіп тұрғанын мойындады.

«Өте күрделі ойын күтіп тұрмыз. Қарсыластың соңғы ойындарын мұқият талдадық. Бұл өте-өте оңай емес команда, құрамында әлеуеті жоғары, жеке шеберлігі мықты шабуылшылар тобы бар. Команда өте жылдам, шабуылда жақсы ойнайды.

Алдағы ойында бізді мүлде басқа жылдамдық пен басқа қарқын күтіп тұрғанын жақсы түсінеміз. Бұл кездесуде бәсекеге қабілетті болу үшін біз де осы деңгейге сай болуымыз керек», — деді маман.

ЛК іріктеуінің алғашқы матчы Белградта 6-нан 7 тамызға қараған түні, Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.

Бұған дейін сербиялық «Партизанның» бас бапкері Саша Илич те «Тобылға» қарсы матч алдындағы ойымен бөліскен болатын.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie