locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реал» Тереса Эррера трофейінде «Депортивоны» минималды есеппен жеңді

Мадридтік клуб жолдастық кездесулердегі екінші жеңісіне қол жеткізді
«Реал» Тереса Эррера трофейінде «Депортивоны» минималды есеппен жеңді
ФОТО: Getty images
Клубтар арасындағы жолдастық кездесу
12.08.2026, Аяқт.
Депортиво
0
Реал Мадрид
1

Мадридтік «Реал» жаңа маусымға дайындығын жалғастырып жатыр. Команда кезекті жолдастық кездесуінде Тереса Эррера трофейі аясында «Депортиво Ла-Коруньямен» кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Матч Ла-Коруньядағы «Риасор» стадионында өтті. Кездесудегі жалғыз гол бірінші таймның соңында соғылды. Мадридтіктер қақпасына төнген қауіпті сәттен кейін Андрей Лунин допты қолына түсіріп, бірден қарымта шабуылды бастады. Браим Диас допты өз алаңынан алып шығып, қарсыластың айып алаңына дейін жетті де, қақпашыны дәл соққымен қапы қалдырды - 1:0.

Оған дейін Эндриктің де есеп ашатын мүмкіндігі болған. Алайда оның соққысын «Депортиво» қақпашысы Лео Роман қайтарды. Үзілістен кейін екі команданың бапкерлері құрамға бірқатар өзгеріс енгізгенімен, таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Кездесудің қалған бөлігінде «Депортиво» таразы басын теңестіруге тырысты. Дегенмен мадридтіктер қорғаныста сенімді ойнап, бір доп айырмасындағы басымдығын соңына дейін сақтап қалды.

Тереса Эррера трофейі. Жолдастық матч
«Депортиво Ла-Корунья» - «Реал» - 0:1
Гол:
Браим Диас.

Осылайша, «Реал» жолдастық кездесулерде қатарынан екінші рет жеңіске жетті. Бұған дейін мадридтік клуб Мажарстанның «Ференцварош» командасымен кездесіп, 2:1 есебімен басым түскен еді.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie