locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Уразбахтиннің таңдауы: «Қайраттың» Конференциялар лигасына өтінімі белгілі болды

Рафаэль Уразбахтин бар болғаны 20 футболшыға сенім арта алады
Уразбахтиннің таңдауы: «Қайраттың» Конференциялар лигасына өтінімі белгілі болды
ФОТО: Getty Images

3 қыркүйек күні таңғы сағат төртке қарай «Қайрат» Конференциялар лигасының негізгі кезеңіне өтінім берді. УЕФА да Рафаэль Уразбахтин сенім артатын футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алматылық клуб еурокубоктарға қатысу үшін бар болғаны 20 футболшыны тіркеді.

  • Қақпашылар: №1 Темірлан Анарбеков, №82 Шерхан Қалмырза
  • Қорғаушылар: №3 Луиш Мата, №4 Дамир Қасабулат, №5 Лев Курган, №14 Александр Мартынович, №24 Александр Мрынский, №25 Александр Широбоков, №44 Лукас Африко
  • Жартылай қорғаушылар: №6 Әділет Садықбеков, №8 Олжас Байбек, №13 Яакко Оксанен, №17 Азамат Тұякбаев, №19 Ойва Юккола, №20 Еркін Тапалов, №22 Густаву Мендонса
  • Шабуылшылар: №9 Эдмилсон, №15 Мансур Биркурманов, №28 Марк Гуаль, №81 Исмаил Бекболат

Алайда олардың барлығы А тізіміне енгізілген. Ал 2005 жылғы 1 қаңтардан кейін туған ойыншыларды негізгі өтінім берілгеннен кейін де В тізіміне шектеусіз мөлшерде қосуға болады. Ең бастысы — оларды матч өтетін күннің түнгі сағат 00:00-ге дейін Орталық Еуропа уақыты бойынша өтінімге енгізіп үлгеру.

Еске салайық, «Қайрат» Конференциялар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы матчын 15 қазанда «Ригаға» қарсы өткізеді. Ойын Латвия астанасында өтеді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie