locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Покатиловпен бірге «Сабах» Чемпиондар лигасында «Боруссияға» лайықты қарсылық көрсетті, бірақ сенсация жасай алмады

Әзербайжандық команда 1:2 есебімен жеңіліп қалды
ФОТО: «Сабах»
Чемпиондар Лигасы
20.10.2026, Аяқт.
Сабах
1
Боруссия Д
2

20 қазанда Әзербайжанның «Сабах» командасы Бакуде УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі 3-туры аясында Дортмундтың «Боруссиясын» қабылдады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстан және Әзербайжан құрамаларының қақпашысы Стас Покатилов Бакудегі матчты алғашқы минуттардан бастады.

«Сабах» Покатиловпен бірге Дортмундтан келген атақты қонақтарға лайықты қарсылық көрсетті, алайда өз алаңында ұпай жинай алмай, 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

«Аралар» 10-минутта Серу Гирассидің голы арқылы есеп ашты. Бірінші таймның соңында Эйден Маккарти таразы басын теңестіріп, командалар үзіліске тең есеппен кетті.

Алайда екінші таймның басында Гирасси дубль жасап, Германиядан келген қонақтарды екінші рет алға шығарды. Гвинеялық шабуылшының бұл голы «сары-қаралар» үшін жеңісті болды.

Осылайша, жалпы кезеңнің үш турында «Сабахтың» еншісінде үш ұпай бар және ол турнир кестесінде 24-орында тұр. Ал «Боруссияның» алты ұпайы және 10-орны бар.

УЕФА Чемпиондар лигасы

Жалпы кезең, 3-тур

«Сабах» - «Боруссия Дортмунд» 1:2

Голдар: Маккарти, 39 - Гирасси, 10, 53

ФОТО: «Сабах»
ФОТО: «Сабах»
ФОТО: «Сабах»
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie