«Рига» мен «Қайрат» бірінші таймда голдар алмасты
15 қазанда алматылық «Қайрат» УЕФА Конференциялар лигасының негізгі кезеңіндегі жолын бастады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Командалар матчты мына құрамдармен бастады:
«Рига»: Пирич, Юрковскис, Муса, Вассом, Тонишев, Анкра, Сикейра, Диоп, Улад, Бадамоси, Ауани;
«Қайрат»: Анарбеков, Мата, Широбоков, Мартынович, Тапалов, Оксанен, Мендонса, Юккола, Гуаль, Мрынский, Эдмилсон.
Алматылық команда матчтың алғашқы минуттарында-ақ алға шықты. Испаниялық легионер Марк Гуаль пенальтиді дәл орындап, есеп ашты.
Алайда ригалық команда көп ұзамай Салах М'Ханданың голы арқылы есепті теңестірді.
27-минутта алаң иелері алға шығуға тамаша мүмкіндік алды. Яакко Оксанен алматылықтардың қақпасына пенальти жасатты, алайда Темірлан Анарбеков 11 метрлік соққыны қайтарды.
Командалар үзіліске 1:1 есебімен тең түсті.