locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ирландия ұлттық футбол құрамасының аңызы: «Головкиннің жекпе-жектерін тамашалағанды ұнатамын»

Джеймс Макклейн бокста бағын сынауға дайындалуда
ФОТО: Getty images

Ирландиялық футболшы Джеймс Макклейн бірнеше бокс жекпе-жегін өткізгісі келетінін айтып, аты аңызға айналған қазақстандық Геннадий Головкиннің қатысуымен өткен жекпе-жектерді қайта тамашалағанды ұнататынын мойындады, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Мансаптың аяқталуы ма? Бұл мені алаңдатпайды, өйткені мен он жыл бойы үзілістермен бокс­пен айналыстым, ал соңғы 18 айда осы спортқа шынымен толықтай беріліп кеттім. Кәсіби бокс мансабын бастамаймын, өйткені менің жасымда бұл жай ғана мүмкін емес. Бірақ Misfits-пен байланыстым, олар менің жекпе-жек өткізгенімді қалайды.

Бокс маған таңертең оянып, тынымсыз жаттығу үшін мақсат береді. Мен үнемі ширығып жүретін жауынгермін. Қарсыласыма үнемі шабуылдағанды ұнатамын, өйткені мұны көтеруге жететін физикалық дайындығым бар. Мен өзімді ешқашан Головкин немесе Канело деп отырған жоқпын, бірақ олардың жекпе-жектерін тамашалағанды ұнатамын. Бокста мансап құруға ұмтылмаймын, алайда жылына үш-төрт жекпе-жек өткізу — мінсіз нұсқа. Әрқашан футболшы болуды армандадым, бірақ бұл — жаңа тәжірибе, жаңа сынақ», — деді 37 жастағы футболшы The Guardian басылымына берген сұхбатында.

Макклейн «Сандерленд» пен «Вест Бромвич Альбион» сапында АПЛ-де 158 матч өткізді. Сондай-ақ оның Ирландия құрамасы сапында 104 ойыны бар.

Тимур Салимов
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie