locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Рига» - «Қайрат»: Уразбахтин негізгі құрамды атады

Конференциялар лигасы матчының алғашқы ысқырығы Қазақстан уақытымен 21:45-те соғылады
ФОТО: «Кайрат»
Конференция лигасы
Live, 4'
Рига
0
Кайрат
0

15 қазанда алматылық «Қайрат» УЕФА Конференциялар лигасының негізгі кезеңіндегі жолын бастайды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Рафаэль Уразбахтин шәкірттері Конференциялар лигасының бірінші туры аясындағы матчта сырт алаңда латвиялық «Ригамен» кездеседі. Латвия астанасындағы ойынның алғашқы ысқырығы Қазақстан уақытымен 21:45-те соғылады.

«Рига» — «Қайрат» матчының тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Қазақстандық команданың бас бапкері Рафаэль Уразбахтин де қарсыласы секілді Ригадағы матчқа шығатын негізгі құрамды жариялады.

«Рига»: Пирич, Юрковскис, Муса, Вассом, Тонишев, Анкра, Сикейра, Диоп, Улад, Бадамоси, Ауани;

«Қайрат»: Анарбеков, Мата, Широбоков, Мартынович, Тапалов, Оксанен, Мендонса, Юккола, Гуаль, Мрынский, Эдмилсон.

Айта кетейік, турнирдің негізгі кезеңінде «Қайрат» сонымен қатар грек елінің «Панатинаикосымен», италиялық «Аталантамен», Крайова қаласының румыниялық «Университатесімен», нидерландтық «Твентемен» және швециялық «Мьельбюмен» кездеседі.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie