«Қайрат» пен «Астана» жағымсыз еуропалық рейтингтің ондығына кірді
Қазақстан кубогі мәресіне жақындаса да, алпауыттар финалға өте алмады
ФОТО: ФК Кайрат
«Қайрат» пен «Астана» УЕФА рейтингінде позициясы ең жоғары, бірақ ұлттық кубоктағы күресін тоқтатқан клубтардың ондығына кірді, деп хабарлайды Sports24.kz.
AbsurDB жасаған тізімде Қазақстан кубогінің шешуші кезеңге жеткені ескерілген. Дегенмен «көктем-күз» жүйесі бойынша өтетін турнирлер арасында қазақстандық футболдың алпауыттары бұл көрсеткіште көш басында тұрған жоқ.
- Сондай-ақ оқыңыз: «Қайрат» УЕФА Жастар лигасындағы жолын білді
УЕФА рейтингінің топ-200 тізіміне кіретін, кубоктан шығып қалған клубтар (асты сызылғандар — кубогі «күз-көктем» жүйесі бойынша өтетін елдердің клубтары)
- 42. «Лацио» (Италия)
- 72. «Легия» (Польша)
- 101. «Шэмрок Роверс» (Ирландия)
- 128. «Викингур» (Исландия)
- 130. КуПС (Финляндия)
- 151. «Жальгирис» (Литва), «Астана»
- 158. «Қайрат»
- 180. «Висла» Краков (Польша)
- 197. «Пайде» (Эстония)
Еске салайық, Қазақстан футболының екі алпауыты да ұлттық турнирдегі жолын 1/8 финалда аяқтады: «Қайрат» «Қайсардан» 1:2 есебімен жеңілсе, «Астана» дәл осындай есеппен «Тобылдан» ұтылды. Жүлде үшін финалда «Ордабасы» мен «Қайсар» кездеседі.