locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Покатиловтың Чемпиондар лигасындағы «Боруссияға» қарсы матчтағы бағасы белгілі болды

Қазақстан құрамасының қақпашысы Гирассиден екі гол жіберіп алды
ФОТО: kz.kursiv.media
Чемпиондар Лигасы
20.10.2026, Аяқт.
Сабах
1
Боруссия Д
2

Стас Покатилов қақпасын қорғаған әзербайжандық «Сабах» Бакуде УЕФА Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің үшінші турында дортмундтық «Боруссияны» қабылдады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Әзербайжандық клуб Дортмундтан келген атақты қонақтарға лайықты қарсылық көрсетті, алайда өз алаңында ұпай жинай алмады және 1:2 есебімен жеңіліп қалды. «Сары-қараларға» жеңіс әкелген — Серу Гирассидің дублі.

Стас Покатилов алаңға капитандық таңғышпен шығып, livescore статистикалық порталының нұсқасы бойынша ойынға 7.6 деген баға алды. Бұл — Баку командасындағы гол авторы Эйден Маккартиден кейінгі екінші үздік көрсеткіш.

Қазақстандық қақпашы матч барысында 6 сейв жасады, ал оның алдын алған голдарының көрсеткіші 1,07-ге тең болды.

Жалпы кезеңнің үш турында «Сабах» үш ұпай жинап, турнир кестесінде 24-орынға орналасты. «Боруссияның» еншісінде алты ұпай және 10-орын бар.

Покатилов командасы Чемпиондар лигасындағы келесі матчын 4 қарашада Норвегияда жергілікті «Викингке» қарсы өткізеді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie