ВИДЕО: Роналду Сауд Арабиясы чемпионатындағы матчта пенальтиді орындай алмады
Криштиану Роналду Сауд Арабиясының кәсіпқой лигасы аясында «НЕОМ»-ға қарсы өткен матчта «Әл-Наср» сапында пенальтиді орындай алмады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Драмалық сәт бірінші таймның қосымша уақытында болды. Сол кезде Эр-Рияд командасының есеп ашуға тамаша мүмкіндігі туды.
Жоау Феликсті айып алаңында Мұхаммед әл-Доссари қағып кетті. Төреші «Әл-Наср» пайдасына пенальти белгілемес бұрын эпизодты алдымен VAR көмегімен қарап шықты. Әдеттегідей, Роналду допқа өзі келіп, пенальтиді орындады.
Алайда «Алтын доптың» бес дүркін иегері гол соға алмады: Роналду 45+6-минутта қақпадан мүлт кетті. Бұл бірінші таймдағы соңғы маңызды эпизод болды, ал «Әл-Наср» мен «НЕОМ» үзіліске гол соқпай аттанды.
Криштианудың мүлт кеткеніне қарамастан, «Наср» екінші таймда Жоау Феликстің голының арқасында 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Бұған дейін Криштиану Роналдудың клубы жаңа иеге өтуі мүмкін екенін хабарлаған едік.