Сатпаев «Бернли» сапында «Мидлсброға» қарсы ойнауы мүмкін: матчты қайдан көруге болады
2-нен 3 қыркүйекке қараған түні «Бернли» ағылшын Чемпионшипіндегі кезекті матчын өткізеді. Дастан Сатпаев ойнайтын команда «Терф Мур» стадионында «Мидлсброны» қабылдайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесу Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады. «Бернли» — «Мидлсбро» матчының тікелей эфирін осы жерден көруге болады.
«Бернли» маусымды сәтсіз бастап, үш турдан кейін бір ғана ұпай жинады. Алдыңғы кездесуде команда «Норвичтен» 1:4 есебімен жеңілді.
«Мидлсбро» алты ұпаймен бұл матчқа келеді. Чемпионшиптің үшінші турында команда «Вест Бромвичті» 3:1 есебімен жеңді.
Өткен маусымда қарсыластар кездескен жоқ, себебі «Бернли» Премьер-лигада өнер көрсетті. Бұған дейін командалар 2024/25 маусымында Чемпионшипте кездескен. Екі ойын да тең нәтижемен аяқталды — 1:1 және 0:0.
Алдағы матчта Дастан Сатпаевқа ерекше назар аударылмақ. Қазақстан құрамасының шабуылшысы ағылшын клубына ауысқалы бері «Бернли» сапында үш матч өткізді, алайда әзірге гол немесе нәтижелі паспен көзге түскен жоқ.
17 жастағы қазақстандықтың «Мидлсброға» қарсы кездесуде де алаңға шығуы ықтимал.