«Әр блогермен төбелеспеймін»: Жұмағұлов Ташкенттегі жеңілістен кейін мәлімдеме жасады
Аралас жекпе-жектен қазақстандық ардагер Жалғас Жұмағұлов Ташкентте өткен IBA NOMAD 16 турнирінде Асрор Ақпарходжаевтан жеңілді, деп хабарлайды Sports24.kz.
ММА қолғаптарымен бокс ережесі бойынша өткен аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек толық үш раундқа созылды. Төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіс Асрор Ақпарходжаевқа берілді.
Жекпе-жектен кейін Жалғас қарсыласына лайықты бағасын беріп, Қазақстан халқының мықтылығын атап өтті.
«Өздеріңіз бәрін көрдіңіздер, енді не айтайын... Мен әр блогермен төбелеспеймін, бұған құқығым бар ғой, солай емес пе? Бірақ көріп тұрсыздар, жас, мықты әрі тәжірибелі қарсыласпен жекпе-жек өткіздім. Өйткені менімен ешкім төбелесуге келіспейді. Келіскен жалғыз адам — сол, мен де шықтым. Менің шегінер жолым жоқ.
Жақсы жекпе-жек болды деп ойлаймын, құлаған жоқпын. Ол, әрине, басымен ұрды, бірақ ештеңе етпейді, кешірім сұрады, бәрі жақсы. Мен үшін жанкүйер болғандардың барлығына рахмет! Менің әлі де күшім бар, мұны көрсетіп жүрмін. Мен әрдайым айтамын: мен — қазақпын. Біздің тарихымызды бәрі біледі, біз — жауынгер халықпыз. Тарихымыз терең, қанша жыл бойы шайқасып, соғысқанбыз. Қазақстан, алға!» — деп Жұмағұловтың сөзін Sports.kz келтіреді.