locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Серпіліс: «Барыс» «Сібірді» жеңіп, Шығыста екінші орынға көтерілді

Михаил Кравец шәкірттері 16 ойыннан кейін 20 ұпай жинады
ФОТО: «Барыс»

«Барыс» ҚХЛ-дегі сырт алаңдағы сериясын «Сібірді» жеңумен бастады. Новосібірдегі кездесу астаналық ұжымның пайдасына 1:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.

Үшінші кезеңде «Барыстың» америкалық шабуылшысы Мэйсон Морелли алаң иелерінің қақпасын дәл көздеп, астаналық командаға минималды жеңіс сыйлады. Бұл жеңіс астаналықтардың ҚХЛ-дегі қатарынан екінші жеңісі болды.

Михаил Кравец шәкірттері 20 ұпай жинап, ҚХЛ тұрақты чемпионатының Шығыс конференциясында екінші орынға көтерілді. Шығыста 27 ұпайы бар «Металлург» көш бастап келеді. Үшінші орында 20 ұпаймен «Нефтехимик» тұр. Үздік бестікке сондай-ақ «Салават Юлаев» пен «Амур» кіреді.

19 қазанда «Барыс» сырт алаңдағы сериясын хабаровскілік «Амурға» қарсы кездесумен жалғастырады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie