locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дастан Сәтпаев Англияда матчтың үздік ойыншысы атануына қатысты пікір білдірді

Сәтпаев «Бернли» - «Мидлсбро» матчының үздік ойыншысы жүлдесіне қатысты реакция білдірді
Дастан Сәтпаев Англияда матчтың үздік ойыншысы атануына қатысты пікір білдірді
ФОТО: Getty images
Чемпионшип Англия
02.09.2026, Аяқт.
Бернли
1
Мидлсбро
1

Дастан Сәтпаев «Бернли» - «Мидлсбро» кездесуінің үздік ойыншысы атануына қатысты реакция білдірді. Матчтан кейін 18 жастағы қазақстандық футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында ойыннан бірнеше кадр жариялап, Англияға ауысқалы бергі ең жарқын кештерінің бірін бөлісті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Сәтпаев жариялаған суреттердің арасында матч барысындағы және алаңға шығар алдындағы кадрлар бар. Футболшы алған жүлдесіне қатысты жеке пікір жазбай, тек фотосуреттермен бөлісті.

Чемпионшиптің төртінші турындағы кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Сәтпаев «Бернлидің» негізгі құрамында алаңға шығып, 81 минут ойнады.

Осы уақыт ішінде қазақстандық футболшы қақпаға екі дәл соққы жасап, төрт жекпе-жектің үшеуінде жеңіске жетті және 18 пастың 17-сін дәл жеткізді. Ауыстырылған сәтте жанкүйерлер оны қошеметпен шығарып салды. Ал кездесу қорытындысында ұйымдастырушылар Сәтпаевты матчтың үздік ойыншысы деп таныды.

Бұл жүлде Дастанның жаңа командадағы рөлі қаншалықты жылдам артып келе жатқанын тағы бір мәрте көрсетті. Қазақстандық футболшы «Бернлидің» негізгі құрамынан тұрақты орын алып, команданың ең көп көзге түсіп жүрген ойыншыларының біріне айналып келеді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie