locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бұл цирк»: «Ақтөбе» бапкері «Ордабасыдан» жеңілгеннен кейін төрешілікті тас-талқан етті

Игорь Черевченко төрешілер бригадасының шешімдеріне көңілі толмады
«Бұл цирк»: «Ақтөбе» бапкері «Ордабасыдан» жеңілгеннен кейін төрешілікті тас-талқан етті
ФОТО: sportarena.kz

«Ақтөбе» командасының бас бапкері Игорь Черевченко ҚПЛ-дің 23-турының орталық матчында өз командасының «Ордабасыдан» (1:3) өз алаңында жеңілгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Игорь Черевченко төрешілер бригадасының шешімдеріне көңілі толмағанын жасырмады. Оның пікірінше, «Ордабасының» алғашқы голы соғылған сәтте төреші қарсылас тарапынан болған ереже бұзушылықты белгілеуі керек еді.

«Қателіктер тізбегі. Үзіліс кезінде футболшыларға алғашқы он бес минутта барынша жинақы ойнау керектігін айттық, өйткені қарсылас тарапынан қысым болатынын білдік. Өкінішке қарай, сегіз минут ішінде екі гол жіберіп алдық. Қарсылас алғашқы голын соққан сәтте айып добы болуы керек еді… Мен шағымданып тұрған жоқпын, бұл — менің пікірім, бірақ ол жерде фолды басқа жаққа белгілеу қажет еді.

Футболда ұсақ-түйек болмайды. Кішкентай ғана детальдардың кесірінен ойын басқа арнаға бұрылып кетеді. Кейбір адамдар түсініксіз шешімдерімен матчтың барысын өзгертеді. Олар футболшылар мен басшылардың қанша еңбек сіңіретінін, демеушілердің қанша қаражат салатынын түсінбейді. Адамдар келіп, өз мәселелерін шешеді де, басқа адамдардың тағдырын анықтайды. Бұл енді циркке көбірек ұқсайды», – деп Черевченконың сөзін келтіреді ASnews.kz.

Айта кетейік, есеп «Ордабасының» пайдасына 1:2 болып тұрған кезде төреші Даниэль Сосаның голын да есепке алмады. Осыдан кейін қонақтар үшінші голын соғып, матч тағдырын түпкілікті шешті.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie