«Қалыпты шешім» — Сатпаевтың жаттықтырушысы нашар нәтижелер аясындағы отставкасы туралы
«Бернли» командасының бас жаттықтырушысы Никки Хайен мойындағандай,
қалыптасқан жағдайда оның қызметтен босатылуы қалыпты шешім болар еді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бұл сәтсіздік «Бернлидің» чемпионаттағы өз алаңындағы жеңіссіз сериясын 21 ойынға дейін ұзартты. Клуб «Терф Мур» стадионында лига аясында жеңіске жетпегелі тура бір жыл болды.
Маусым басынан бері Хайен алғашқы 11 матчта небәрі бір жеңіске жетті. Сәтсіз нәтижелер аясында жанкүйерлер Алан Пейс бастаған клуб басшылығына наразылық білдіре бастады. Трибунада «Pace out» («Пейс, кет!») деген жазуы бар баннер пайда болды, ал жанкүйерлер: «Алан Пейс, клубымыздан кет!» деп ұрандатты.
Жұмысын жалғастыру мүмкіндігіне ие бола ма деген сұраққа Хайен былай деді:
«Мен білмеймін. Бірақ бұл туралы ойлап жатқан жоқпын, өйткені мұндай ойлар энергияны алып қояды. Әрине, мұндай жағдайда жаттықтырушыны қызметтен босату қалыпты шешім болар еді. Бірақ мен бұл туралы ойламаймын, себебі сол кезде жұмыс істегім келетін ойыншыларға деген назарымнан айырыламын. Бұл — басқа адамдар шешетін мәселе».
Хайен сондай-ақ «Вулверхэмптоннан жеңілгеніне ашынған жанкүйерлердің реакциясына түсініктеме берді. Қарсылас екі голын да «Бернлидің» қорғанысындағы өрескел қателіктерден кейін соқты.
«Мен олардың көңіл күйін толық түсінемін. Олар бұл клубты жақсы көреді әрі болып жатқан жағдайды жүрекпен қабылдайды. Неліктен? Өйткені, бұған дейін айтқанымдай, олар клуб үшін тек жеңістер мен ең жақсы нәтижелерді қалайды. Бірақ менің де мақсатым дәл сондай. Мен бұл жерге жанкүйерлерді ашуландыру немесе олардың клубына зиян келтіру үшін келген жоқпын. Жағдайды өзгерту үшін күн сайын бар күшімді салып жұмыс істеп жүргенім рас. Біздің матч алдындағы жоспарымызды және алғашқы таймды қалай өткізгенімізді көрдіңіздер деп ойлаймын.
Бірақ жеке қателіктер орын алған кезде, тіпті менің өзім де ештеңені өзгерте алмаймын. Не де болса, мен бәрінің қалай жұмыс істейтінін түсінемін. Нашар нәтижелерден кейін жанкүйерлердің назарын маған да бұратынын түсінемін. Бірақ мен қиын жағдайларды еңсере алатын жаттықтырушымын. Бұған дейін де оқиғалар барысын өзгерте алған кездерім болды. Мен ешқашан берілген емеспін және мүмкіндігім бар кезде жағдайды түзету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасай беремін», — деді Хайен.
11 матчтан кейін «Бернлидің» еншісінде 8 ұпай қалды. Никки Хайеннің командасы 21-орында тұр және тур қорытындысы бойынша төмендеу аймағына түсіп қалуы мүмкін.
Сатпаев командасы келесі кездесуін 24 қазанда сырт алаңда «Линкольнге» қарсы өткізеді.