locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бернлидің» бас бапкері Дастан Сәтпаев туралы пікір білдірді

Ники Хайен маусымның сәтсіз басталуына байланысты «Бернлидің» жаңа ойыншыларын бағалады
«Бернлидің» бас бапкері Дастан Сәтпаев туралы пікір білдірді
ФОТО: Getty images
Чемпионшип Англия
02.09.2026, Аяқт.
Бернли
1
Мидлсбро
1

«Бернлидің» бас бапкері Ники Хайен команданың маусымды сәтсіз бастағанына тоқталып, жазда құрамға қосылған жаңа футболшылар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Маман жанкүйерлердің көңілі қалғанын түсінетінін және сыннан қашпайтынын айтты. Сонымен қатар ол команданың жағдайды өзгерту үшін көп жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«Нәтиже күткендегідей болмаған кезде көңіліңіздің қалатынын жақсы түсінемін. Мұндай сынды толық қабылдайтынымды бұған дейін де екі-үш рет айттым. Бірақ бір нәрсеге сенімді болыңыздар: біз жағдайды өзгерту үшін өте көп жұмыс істеп жатырмыз», - деді Хайен.

Бапкер командаға жақында қосылған футболшыларды да жеке атап өтті. Оның пікірінше, дәл осындай ойыншылар «Бернлиге» маусым барысында нәтижесін жақсартуға көмектесе алады.

«Жаңа ойыншыларымызға қарасаңыздар, олардың деңгейі жоғары екенін көресіздер. Осындай матчтарды қайтадан жеңу үшін бізге дәл сондай сапалы футболшылар қажет», - деп қосты ол.

Хайен қазіргі жеңіссіз серияның ұзаққа созылмайтынына сенімді екенін де жеткізді.

«Меніңше, бұл тек уақыттың еншісіндегі мәселе. Жеңістер міндетті түрде келеді. Оның үстіне, ертең өз жанкүйерлеріміздің алдында қажетті нәтижеге жетуге тамаша мүмкіндік бар», - деді бас бапкер.

Осы маусымда «Бернли» сапына қосылған жаңа ойыншылардың бірі - 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев. Ол қазірдің өзінде негізгі құрамнан орын алып, маусым басындағы команданың ең көзге түскен футболшыларының біріне айналды.

Соңғы «Мидлсброға» қарсы матчта Сәтпаев негізгі құрамда шығып, алаңда шамамен 80 минут өткізді және кездесудің үздік ойыншысы атанды. Қазақстандық футболшы қақпаға екі дәл соққы жасап, бір маңызды пас берді. Оның пас дәлдігі 94 пайызды құрады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie