locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жұмағұловтың IBA NOMAD 16 турниріндегі жекпе-жегі төрешілер шешімімен аяқталды

Төреші жеңісті Асрор Ақпарходжаевқа берді
ФОТО: Скриншот

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов Ташкентте өткен IBA NOMAD 16 турнирінде Ресей өкілі Асрор Ақпарходжаевпен жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бокс ережесі бойынша ММА қолғаптарымен өткен қауырсын салмақтағы жекпе-жек толық үш раундқа созылды. Жеңімпаз төрешілер шешімімен анықталды. Төреші жеңісті Асрор Ақпарходжаевқа берді.

Айта кетейік, Жалғастың (19-9) аралас жекпе-жектегі соңғы ресми айқасы маусым айында бразилиялық Игор Севериноға (10-1) қарсы Oktagon лигасының жеңіл салмақтағы чемпионы атағы үшін өтті. Бразилиялық файтердің тыйым салынған әдісті қолдануына байланысты бұл жекпе-жек өтпеді деп танылды.

Айтпақшы, бұған дейін Қырғызстаннан келген Еркебұлан Тоқтардың қарсыласы IBA Nomad 16 турнирінде нокаутпен жеңіске жетті.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie