locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Сабах» - «Барселона»: Покатилов қатысатын Чемпиондар лигасы матчын қайдан көруге болады

Төрт турдан кейін «Барселонаның» еншісінде тоғыз ұпай, ал «Сабахта» үш ұпай бар
Футбол
фото: ФК "Сабах"
Чемпиондар Лигасы
25.11.2026, 12.45
Сабах
-
Барселона
-

Бүгін, 25 қарашада, Әзербайжанның «Сабах» клубы өз алаңында Испанияның «Барселонасымен» Чемпиондар лигасы лига кезеңінің бесінші турындағы матчта кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бакуде өтетін ойын Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады.

«Сабах» - «Барселона» матчының тікелей көрсетілімі «Qazsport» телеарнасында қолжетімді болады.

Төрт турдан кейін «Барселонаның» еншісінде тоғыз ұпай, ал «Сабахта» үш ұпай бар.

Алдыңғы турда каталондық клуб өз алаңында Англияның «Астон Вилласын» 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Ал әзербайжандық команда сырт алаңда Норвегияның «Викинг» клубынан 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

Қазақстандық жанкүйерлердің назары «Сабах» сапында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатиловқа ауатыны сөзсіз. Голкипер Чемпиондар лигасының лига кезеңінде командасының барлық төрт матчына қатысып, он гол өткізіп алды және бір рет қақпасын голдан аман сақтады.

«Барселонамен» кездесуден кейін «Сабахты» турнирдің лига кезеңінде тағы үш матч күтіп тұр. Әзербайжандық клуб Испанияның «Вильярреал», Италияның «Наполи» және Англияның «Арсенал» командаларымен кездеседі.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie