«Арсенал» Чемпиондар лигасында «Боруссияны» жеңе алмады
Лондондық «Арсенал» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші турда өз алаңында ұпай жоғалтты. Микель Артета шәкірттері «Эмирейтс» стадионында дортмундтық «Боруссиямен» 1:1 есебімен тең ойнады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Алаң иелері кездесудің басында-ақ есеп ашты. 10-минутта швециялық шабуылшы Виктор Дьекереш неміс клубының қақпасына гол соқты. Лондондықтар үзіліске бір доп басымдығымен кетті.
Алайда «Арсенал» бұл басымдығын сақтап қала алмады. Екінші тайм басталғаннан кейін он минут өткенде Максимилиан Байер таразы басын теңестірді. Қалған уақытта қос команда да қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады.
УЕФА Чемпиондар лигасы. Жалпы кезең. 5-тур
«Арсенал» (Англия) – «Боруссия» (Германия) – 1:1 (1:0).
Голдар: Дьекереш, 10 (1:0); Байер, 55 (1:1).
Бес кездесуден кейін лондондық клубтың еншісінде 11 ұпай бар. Дортмундтықтар ағылшын командасынан бір ұпайға ғана қалып келеді.
Келесі турда «Арсеналды» күрделі сынақ күтіп тұр. 9 желтоқсанда лондондықтар өз алаңында мадридтік «Реалды» қабылдайды. Испаниялық клуб бесінші турда Нидерландтың ПСВ командасын 5:1 есебімен ойсырата жеңіп, биылғы Чемпиондар лигасындағы барлық кездесуінде жеңіске жетті.
Ал «Боруссия» өз алаңында миландық «Интермен» кездеседі.