locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» - «Северсталь»: онлайн көру. ҚХЛ матчының LIVE-трансляциясы

29 матчтан кейін астаналық клуб 29 ұпай жинады
Хоккей
ФОТО: ХК "Барыс"

Бүгін, 25 қарашада, астаналық «Барыс» Континенталдық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында череповецтік «Северстальға» қарсы өз айдынында матч өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесу «Барыс Аренада» өтіп, Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады. «Барыс» - «Северсталь» матчының тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

29 матчтан кейін астаналық клуб 29 ұпай жинады. «Северсталь» дәл осынша ойыннан кейін 38 ұпайға ие.

«Барыс» алдыңғы матчында өз айдынында минскілік «Динамоға» 1:2 есебімен есе жіберді. Бұл Михаил Кравец командасы үшін ҚХЛ-дегі қатарынан үшінші жеңіліс болды.

Ал «Северсталь» алдағы кездесуге қатарынан алты жеңіспен келіп отыр. Соңғы матчында череповецтік клуб сырт алаңда новосібірлік «Сибирьді» 4:2 есебімен ұтты.

Командалар бұған дейін ақпан айында Астанада кездескен. Сол жолы «Северсталь» овертаймда 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie