locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Манчестер Сити» екі рет есеп теңестіргенімен, Чемпиондар лигасында «Наполиді» жеңе алмады

«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасының бесінші турында «Наполимен» тең ойнады
Футбол
ФОТО: Getty images
Чемпиондар Лигасы
24.11.2026, Аяқт.
Манчестер Сити
2
Наполи
2

Англияның «Манчестер Сити» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші турда өз алаңында ұпай жоғалтты. «Этихад» стадионында Италияның «Наполи» командасына қарсы өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бірінші таймда қос команда да есеп аша алмады. Кездесудегі төрт гол да үзілістен кейін соғылды.

55-минутта даниялық шабуылшы Расмус Хейлунд неапольдік ұжымды алға шығарды. Алаң иелеріне есепті теңестіру үшін 12 минут қажет болды – Аюб Буадди өз мүмкіндігін сәтті пайдаланды.

Алайда италиялық клуб манчестерліктерді тағы да қуып жетуге мәжбүр етті. 76-минутта Ноа Ланг алаң иелерінің қақпасына гол соғып, «Наполиді» сырт алаңдағы жеңіске бір табан жақындатты. Дегенмен негізгі уақыттың аяқталуына төрт минут қалғанда Райан Шерки мергендік танытып, ағылшын командасын жеңілістен құтқарып қалды.

УЕФА Чемпиондар лигасы. Жалпы кезең. 5-тур
«Манчестер Сити» (Англия) – «Наполи» (Италия) – 2:2 (0:0).
Голдар:
Хейлунд, 55 (0:1); Буадди, 67 (1:1); Ланг, 76 (1:2); Шерки, 86 (2:2).

Бес турдың қорытындысы бойынша «Манчестер Сити» он ұпай жинаса, неапольдік клубтың еншісінде небәрі төрт ұпай бар.

Келесі турда ағылшындық ұжым сырт алаңда Испанияның «Барселонасымен» кездеседі. Ал «Наполи» өз алаңында Бельгияның «Брюгге» командасын қабылдайды.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie