locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Месси матч алдында Клозенің рекорды туралы ойламағанын айтты

Месси Аргентинаның плей-оффқа шығуынан кейін рекорд туралы пікір білдірді
ФОТО: Getty images

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси әлем чемпионаты-2026 аясында Австрияға қарсы өткен матчтан кейін өз ойын айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұл кездесуде аргентиналық шабуылшы дубль авторы атанып, әлем чемпионаттарындағы гол санын 18-ге жеткізді. Осылайша ол мундиальдар тарихындағы үздік сұрмерген атанды.

Матчтан кейін Месси қазіргі турнирден ерекше әсер алып жүргенін айтты.

«Бұл әлем чемпионатында барлық матчтар өте тартысты өтуде. Ойындардың қарқыны жоғары, бәсекелестік өте күшті. Мен осы сәттен ләззат алып жүрмін және оны командаластарыммен бірге бөліскеніме қуаныштымын», - деді Месси.

Сондай-ақ аргентиналық жұлдыздан матч алдында Мирослав Клозенің рекордын жаңарту туралы ойлаған-ойламағаны сұралды.

«Онша ойлаған жоқпын. Біз тек жеңіс туралы ойладық», - деп жауап берді Аргентина құрамасының капитаны.

Еске салайық, Аустрияға қарсы кездесуде Месси екі гол соғып, Аргентинаға 2:0 есебімен жеңіс сыйлады. Осы нәтижеден кейін әлем чемпиондары мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Сонымен қатар Лионель Месси матчтың үздік ойыншысы атанды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie