locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы матчтарының күндері белгілі болды

«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Сутьескаға» қарсы матчтардың күндерін білді
«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы матчтарының күндері белгілі болды
ФОТО: Getty images

2026/27 жылғы Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі матчтардың күндері анықталды. Бұл кезеңде Қазақстан атынан алматылық «Қайрат» өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстан чемпионы турнирдің алғашқы кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» клубымен кездеседі.

Алғашқы матч 8 шілде күні Алматыда өтеді. Ойын Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Қарымта кездесу 16 шілдеге қараған түні Черногорияда өтеді. Матч Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Еске салайық, бұған дейін жеребе қорытындысы бойынша Рафаэль Уразбахтин шәкірттеріне алғашқы іріктеу кезеңінде дәл осы «Сутьеска» қарсылас атанған болатын.

Өткен маусымда «Қайрат» тарихи жетістікке қол жеткізді. Алматылық клуб төрт іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, «Астанадан» кейін Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққан екінші қазақстандық команда болды.

Негізгі кезеңде «Қайрат» сегіз матч өткізіп, жеті рет жеңілді. Команданың жалғыз ұпайы Кипрдің «Пафос» клубымен болған кездесудегі 0:0 есебінен кейін еншісіне жазылды.

«Қайрат» қазіргі Чемпиондар лигасына Қазақстан чемпионаты-2025 жеңімпазы ретінде жолдама алды.

Ал биылғы Премьер-лига маусымында 14 турдан кейін алматылық клуб 33 ұпаймен екінші орында келеді. Сонымен қатар команда негізгі қарсыластарына қарағанда екі матч артық өткізген.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie