locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Месси дубль жасап, Клозенің рекордын жаңартты және Аргентинаны плей-оффқа шығарды

Месси әлем чемпионатының тарихын қайта жазып, Аргентинаны мерзімінен бұрын плей-оффқа шығарды
Месси дубль жасап, Клозенің рекордын жаңартты және Аргентинаны плей-оффқа шығарды
ФОТО: Getty images

Аргентина құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

J тобындағы екінші тур матчында аргентиналықтар Аустрияны 2:0 есебімен жеңді. Кездесудің басты кейіпкері тағы да Лионель Месси болды.

Матчтың басында аргентиналық жұлдыз пенальтиді мүлт жібергенімен, кейін қателігін толық түзетті. Алдымен ол 38-минутта есеп ашса, 90+4 минутта дубль авторы атанды.

Осылайша Месси әлем чемпионаттарындағы гол санын 18-ге жеткізді. Бұл көрсеткіш оған Мирослав Клозенің рекордын жаңартып, мундиальдар тарихындағы үздік сұрмерген атануға мүмкіндік берді.

Әлем чемпионаты-2026. J тобы
Аргентина - Аустрия - 2:0
Голдар:
Месси 38, 90+4.

Екі турдан кейін Аргентина құрамасының қоржынында алты ұпай бар. Команда мерзімінен бұрын плей-оффқа жолдама алып отыр.

Еске салайық, алғашқы турда аргентиналықтар Алжирді 3:0 есебімен жеңген болатын. Ол матчта да барлық үш голды Лионель Месси соққан еді.

Осылайша Месси қазіргі әлем чемпионатында екі матчта бес гол соғып, тарихи рекордтарды жаңартуды жалғастырып келеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie