locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Франция - Ирак матчы тоқтатылды. Не болды?

Франция - Ирак матчының екінші таймы жаңбырға байланысты кейінге шегерілді
Франция - Ирак матчы тоқтатылды. Не болды?
ФОТО: Getty images

2026 жылғы әлем чемпионатының екінші турында өтіп жатқан Франция мен Ирак құрамалары арасындағы матчтың екінші таймы ауа райының қолайсыздығына байланысты 30 минутқа кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Sports24.kz.

I тобы аясындағы кездесу Филадельфия қаласында өтуде. Бірінші таймнан кейін Франция құрамасы 1:0 есебімен алда келеді.

Кездесудегі әзірге жалғыз голды Килиан Мбаппе соқты. Француз шабуылшысы 14-минутта мергендігімен көзге түсіп, командасын алға шығарды.

Бұл гол Мбаппе үшін әлем чемпионаттарындағы 15-ші гол болды. Осылайша француз жұлдызы турнир тарихындағы үздік сұрмергендер қатарына тағы бір қадам жақындай түсті.

Айта кетейік, матч басталар алдында да ұйымдастырушылар ауа райына байланысты алаңдаушылық білдірген болатын. Алдымен жанкүйерлердің стадионға кіруі кешіктірілсе, енді қолайсыз ауа райы ойын барысына да әсер етті.

Қазіргі мәлімет бойынша, Франция мен Ирак арасындағы матчтың екінші таймы шамамен 30 минуттық үзілістен кейін қайта жалғасады. Матчқа тікелей көрсетілім.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie