Аргентина – Австрия. Онлайн көру
Матч Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
22 маусым кешінде Аргентина мен Австрия құрамалары 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турын бастайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Ұжымдар J тобында өнер көрсетеді, олардың квартетіндегі қарсыластары – Иордания мен Алжир құрамалары.
Ойын «Эй-Ти-энд-Ти» стадионында (Арлингтон, Техас, АҚШ) өтеді.
Кездесудің басталу ысқырығы Қазақстан уақытымен 22:00-де естіледі. Матчтың тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында қолжетімді болады.
Еске сала кетейік, Аргентина алғашқы ойында Алжирді күйрете жеңді (3:0), ал Австрия Иорданияны тізе бүктірді (3:1).