Видео: Месси әлем чемпионаттары тарихындағы үздік бомбардир атану мүмкіндігін жіберіп алды
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Аустрияға қарсы матчта тарихи рекорд орната алмады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесудің сегізінші минутында аргентиналықтар пенальти орындау мүмкіндігіне ие болды. Допқа Месси жақындағанымен, он бір метрлік айып добын голға айналдыра алмады.
Осылайша, аргентиналық шабуылшы әзірге әлем чемпионаттары тарихындағы үздік бомбардир атана алған жоқ. Оның еншісінде қазір де 16 гол бар. Бұл көрсеткіш бойынша ол Германия құрамасының аңыз ойыншысы Мирослав Клоземен тең түсіп тұр.
Аустриямен матч алдында Месси мундиальдар тарихындағы жалғыз рекорд иесі атануға мүмкіндік алған еді. Алайда тарихи жетістікке жету әзірге кейінге қалды.
Дегенмен аргентиналық жұлдыздың рекорд орнатуға әлі де мүмкіндігі бар. Аустрияға қарсы матч жалғасып жатыр. Матчқа тікелей көрсетілім.