locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мессидің Аустрияға қарсы тарихи матчының бейнешолуы

Месси дубль жасап, Клозенің рекордын жаңартты және Аргентинаны плей-оффқа шығарды
Мессидің Аустрияға қарсы тарихи матчының бейнешолуы
ФОТО: Getty images

Аргентина құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатында қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізіп, мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

J тобының екінші турында аргентиналықтар Аустрия құрамасымен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудің басты кейіпкері Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси болды. Матчтың сегізінші минутында ол пенальтиден гол соғу мүмкіндігін пайдалана алмады. Алайда тәжірибелі шабуылшы кейін өз қателігін түзетті.

Ойынның 38-минутында Месси есеп ашып, командасын алға шығарды. Ал 90+4 минутта дубль авторы атанып, матчтағы соңғы нүктені қойды.

Бұл голдар Месси үшін әлем чемпионаттарындағы 17 және 18-ші гол болды. Осылайша аргентиналық жұлдыз 16 голмен тұрған Мирослав Клозені басып озып, мундиальдар тарихындағы үздік сұрмерген атанды.

Осылайша Месси қазіргі әлем чемпионатында екі ойында бес гол соғып, әлем футболының тарихи рекордтарын жаңартуды жалғастырып келеді.

Назарларыңызға матчқа шолу ұсынамыз.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie