«Тарихтағы ең ұлы футболшы»: Ямаль Мессидің хет-тригі туралы
Испания құрамасының вингері Ламин Ямаль Әлем чемпионатындағы Алжирге қарсы ойында Лионель Мессидің хет-тригіне пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.
RTVE телеарнасында шыққан сұхбатында «Барселона» мен Испания құрамасының 18 жастағы вингері аргентиналық супержұлдыздың ӘЧ-ның алғашқы матчында Алжирге қарсы жасаған хет-тригіне қатысты ойын айтты.
Ямаль үшін Месси — әлемдегі үздік ойыншы және тарихтағы ең ұлы футболшы екенін ашық мойындады.
«Мессидің хет-тригі ме? Оның әр матчы — тарихтағы ең ұлы футболшы екенін дәлелдейді.
Егер біреу әлі де күмәнданса, ол тек себеп іздеп жүр. Лео — барлық уақыттың ұлы ойыншысы», — деді ол RTVE эфирінде.
Бұл матчта Месси әлем чемпионаттарындағы алғашқы хет-тригін тіркеді және бұл оның осы турнирдегі алғашқы хет-тригі болды.
Айта кетейік, бұған дейін бір танымал тележүргізуші Мессидің әкесінің қайтыс болғанын қате жариялап, соның кесірінен жұмыстан шығарылған болатын.