Франция - Ирак. Онлайн көру
Франция Иракпен әлем чемпионатының екінші турында кездеседі
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
23 маусымға қараған түні 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші тур аясында Франция мен Ирак құрамалары өзара кездеседі.
Франция құрамасы турнирді жеңіспен бастады. Алғашқы турда Дидье Дешам шәкірттері Сенегалды 3:1 есебімен жеңіп, үш ұпай еншілеген болатын.
- Матчтың барлық жарқын сәттері live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz! арнасында қолжетімді
Ал Ирак құрамасы алғашқы матчында Норвегияға 1:4 есебімен жол беріп, топтағы соңғы орынға жайғасты.
Бірінші турдан кейін Франция құрамасы қосымша көрсеткіштер бойынша ғана Норвегиядан қалып, екінші орында тұр. Ал Ирак үшін алдағы матч плей-оффқа шығу мүмкіндігін сақтап қалу тұрғысынан аса маңызды болмақ.
Франция - Ирак матчы Астана уақытымен 02:00-де басталады. Тікелей эфирді Qazsport телеарнасынан көруге болады.