Месси Клозенің рекордын басып озып, әлем чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмергені атанды
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатының екінші турында Аустрияға қарсы матчта футбол тарихындағы маңызды рекордтардың бірін жаңартты, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесу аргентиналық жұлдыз үшін сәтсіз басталды. Матчтың сегізінші минутында Месси пенальтиді мүлт жіберіп, әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік бомбардир атану мүмкіндігін уақытша кейінге қалдырған еді.
Алайда тәжірибелі шабуылшы көп ұзамай өз қателігін түзетті. Ойынның 39-минутында Месси ойыннан гол соғып, әлем чемпионаттарындағы 17-ші голын тіркеді.
Осылайша Аргентина құрамасының капитаны Германияның аңызға айналған шабуылшысы Мирослав Клозені басып озды. Неміс футболшысының еншісінде мундиальдарда 16 гол болған еді.
Енді Месси әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік бомбардир мәртебесіне жеке өзі ие болып отыр.