Месси әлем чемпионаттарының тарихи рекордын орнатты. Аңыз ойыншы қандай жетістікке қол жеткізді?
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси әлем чемпионаттарында ең көп голдық мүмкіндік жасаған футболшы атанды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Opta Analyst дерегіне сәйкес, аргентиналық жұлдыз мундиальдардағы 26 матчта серіктестеріне 74 голдық мүмкіндік жасап берген. Осылайша Месси 21 ойында 71 мүмкіндік жасаған аңызға айналған Диего Марадонаны басып озды.
Сонымен қатар, Месси әлем чемпионаттарындағы тағы бір тарихи жетістікке жақындап қалды. Қазіргі таңда оның еншісінде мундиальдарда соғылған 16 гол бар.
Аргентиналық шабуылшы бүгін тағы бір рекордтың иесі атануы мүмкін. Егер Месси әлем чемпионатының екінші турында Аустрия қақпасына гол соқса, онда әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік бомбардир атанады.
Аргентина мен Аустрия арасындағы кездесу Астана уақытымен 22:00-де басталады. Месси бұл матчты негізгі құрамда бастайды.