Италияда «Аталантаға» қарсы матч қарсаңында «Қайратқа» баға берілді
«Аталантаның» pianetatalanta.it жанкүйерлік ресурсы командалардың Конференциялар лигасының негізгі кезеңіндегі өзара матчтары қарсаңында «Қайратқа» баға берді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Портал шолушылары Қазақстан чемпионының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин көрсетіп жүрген тактикалық икемділікке назар аударды:
«Үшінші матчта «Аталанта» өткен маусымда Чемпиондар лигасында өнер көрсеткен Қазақстанның «Қайратын» қабылдайды. Тамаша формадағы «Қайрат» қатарынан екі рет ел чемпионы атанды. Алайда команда Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде Софияның «Левскиіне» есе жіберіп, одан кейін Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде «Андерлехттен» жеңіліп, екі турнирден де шығып қалды. Бас бапкер Рафаэль Уразбахтин бір ғана тактикалық сызбаға сүйенбейді, қарсыласына қарай тактикасын таңдап, 4-3-3 және 5-3-2 жүйелерін алмастырып отырады», — деп жазылған портал материалында.
Еске салайық, «Аталанта» мен «Қайрат» арасындағы матч 5 қарашада Бергамода өтеді. Бұл Қазақстан чемпионатындағы маусым аяқталғаннан кейінгі алғашқы матч болады.