locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Семейдегі жанжалдың жаңа егжей-тегжейлері: «Елімай» директоры төрешіге қоңырау шалған

Фёдор Семениди Арман Исмұратовқа қоңырау шалуға тырысқан
ФОТО: asnews.kz

Семейде өткен 13-турдағы «Елімай» мен «Ордабасы» арасындағы жанжалға толы матчқа қатысты жаңа деректер жария болуда, деп хабарлайды Sports24.kz.

Offside.kz мәліметінше, матч қарсаңында «Елімай» директоры Фёдор Семениди жанжалға себеп болған кездесудің бас төрешісі Арман Исмұратовқа бірнеше рет қоңырау шалуға тырысқан.

Арбитрдің өз деректеріне сүйенсек, Семениди тарапынан қоңыраулар оның телефонына сағат 21:58, 22:01 және 22:22-де түскен. Төрешінің контакт тізімінде бұл нөмір сақталмағандықтан, қоңыраулар жауапсыз қалған.

Offside.kz ұсынған скриншот

Семейдегі жанжал

КПЛ-дегі матч аяқталғаннан кейін, онда «Ордабасы» 3:1 есебімен жеңіске жетті, «Елімайдың» бас бапкері Андрей Карпович төреші тарапынан қоқан-лоққы жасалғанын мәлімдеді. Бұл мәлімдеме кейінірек бейнебақылау камераларындағы жазбалар арқылы расталды.

Жазбада Исмұратовтың стадион дәлізінде мынадай сөздер айтқаны анық естіледі: «Әлі жарты маусым бар. Мен сендерді еб*т етем».

Исмұратов әкімшілік сотпен жазаланды

Матчтан кейін Исмұратов стадион дәлізіндегі ауыр сөздері үшін Семейдің әкімшілік сотынан жаза алды. Қоғам қайраткері Серік Байғалиевтің айтуынша, сот жанжалға себепкер болған төрешіге бес тәулік әкімшілік қамау тағайындаған.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie