locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Енді бұдан былай жасырынудың қажеті жоқ»: Франция аңызы 2026 жылғы әлем чемпионатының басты фаворитін атады

Кристоф Дюгарри неге отандастарының мундиальды жеңетінін түсіндірді
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: instagram.com/equipedefrance

1998 жылғы әлем чемпионы, Франция құрамасының бұрынғы ойыншысы Кристоф Дюгарри Мбаппе мен командаластары алдағы мундиальдің басты фавориттері екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Біз — Франция құрамасымыз. Әлем чемпионатын жеңу үшін келгенімізді ашық айтудың несі айып?
Біз құрметпен келдік, бірақ біз — Франциямыз, сапалы футболшыларымыз бар. Жасырынуға болады, бірақ енді тоқтайық... Бізде үздік ойыншылар бар. Біз жеңу үшін келдік және міндетті түрде жеңуіміз керек», – деп келтіреді Дюгарридің сөзін RMC Sport.

Оның айтуынша, Франция құрамасының ойыншыларының деңгейін елемеуге болмайды.

«Бізде шеткі қорғаушы позициясында мәселе бар, бірақ қорғаныс, жартылай қорғау және шабуылда мықты қорымыз бар. Бізден жақсы дайындалған команда бар ма? Біз анық фаворитпіз. Жеңіске жетпеу – Дидье Дешам үшін сәтсіздік болады», – деді ол.

Дюгарри өзінің мансабының көп бөлігін «Бордо» сапында өткізген (1988–1996, 1999–2003). Сонымен қатар, ол «Милан» (1996–1997), «Барселона» (1997 жылдың шілде-желтоқсан), «Марсель» (1998–1999), «Бирмингем» (2003–2004) және «Катар» клубтарында ойнаған.

Сондай-ақ Дюгарри Франция құрамасының 1998 жылғы әлем чемпионатын жеңген құрамында болды.

Айта кетейік, 2026 жылдың 11 маусымында футболдан әлем чемпионаты басталады. Франция құрамасы топтық кезеңде I тобында Сенегал, Норвегия және Иракпен кездеседі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie