locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

АҚШ ӘЧ-2026 алдында Сенегал құрамасын күшейтілген тексеруден өткізді

Сенегал футболшыларын АҚШ-та қатаң тексерістен өткізді
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
АҚШ ӘЧ-2026 алдында Сенегал құрамасын күшейтілген тексеруден өткізді
ФОТО: Getty images

АҚШ әлем чемпионаты-2026 қарсаңында қауіпсіздік шараларымен тағы да жұрт назарын аудартты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Өзбекстан құрамасынан кейін күшейтілген тексеріске Сенегал ұлттық құрамасы да тап болды.

Футболшыларды ұшу жолағында тексерген

Әлеуметтік желілер мен шетелдік ақпарат көздерінің мәліметінше, Сенегал құрамасының ойыншыларын АҚШ-қа қонған сәттен бастап тексерген.

Тексеру тікелей ұшу-қону жолағында, команда ұшақтан түскеннен кейін жүргізілген.

Футболшылардан аяқ киімдерін шешу талап етіліп, қауіпсіздік қызметкерлері олардың жеке заттары мен жүгін мұқият қарап шыққан.

Сонымен қатар тексеріске арнайы қызметтік иттері бар кинологтар да қатысқан.

Сенегал Франциямен бір топта ойнайды

Әлем чемпионаты-2026 турнирінде Сенегал құрамасы I тобында өнер көрсетеді.тАфрикалық команданың қарсыластары - Франция, Норвегия және Ирак құрамалары.

Бұл алғашқы жағдай емес

Бұған дейін осындай жағдай Өзбекстан құрамасымен де болған еді. Нидерландқа қарсы жолдастық матч алдында өзбекстандық футболшылар мен бапкерлер штабы Нью-Йоркте күшейтілген тексерістен өтті. Команданы қауіпсіздік қызметкерлері қызметтік иттермен бірге тексерді. Сол кезде қосымша тексерістен құраманың бас бапкері Фабио Каннаваро да өткен болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie