«Қайрат» vs «Сутьеска»: болашақ қарсыластар құрамдарының құны салыстырылды
«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы жолын Черногория чемпионы «Сутьескамен» өтетін матчтардан бастайды.
Алғашқы ойын Алматыда өтеді, ал қарымта кездесу – Черногория чемпионының алаңында. Бірінші іріктеу кезеңінің ойындары 7/8 және 14/15 шілде күндері өтеді.
Sports24.kz алдағы қарсыластардың құрамдарының трансферлік құнын Transfermarkt-тың беделді деректеріне сүйене отырып сараптады.
«Қайрат» құрамының құны жоғары
Transfermarkt деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта «Қайрат» құрамының жалпы бағасы 12,25 миллион еуроны құрайды (Дастан Сатпаевтың құнын қоса есептегенде), ал «Сутьеска» – 5,3 миллион еуроға бағаланады.
«Сутьеска» сапында бірде-бір легионер жоқ – команда толықтай жергілікті ойыншылардан жасақталған. Ең қымбат ойыншысы – Черногория ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Марко Симун. 25 жастағы хавбектің бағасы 700 мың еуроға жетеді. Бұл футболшының Черногория ұлттық құрамасы үшін бес ойыны бар.
Сондай-ақ қорғаушы Андрия Разнатович (600 мың еуро) ерекшеленеді. Маусым айында 25 жастағы фланг қорғаушысы Черногория құрамасындағы алғашқы ойынын өткізді. «Сутьесканың» ең қымбат үштігін 24 жастағы вингер Василий Кавор түйіндейді – 400 мың еуро.

Сатпаевсыз «Қайраттың» құны айтарлықтай төмендейді
«Қайраттың» ең қымбат ойыншылары: Жоржиньо (800 мың еуро), Рикардиньо мен Дан Глейзер (екеуі де – 700 мың еуро) және Дамир Касабулат (600 мың еуро).
Алматылықтардың басты жұлдызы мен активі сөзсіз Дастан Сатпаев (3 миллион еуро), бірақ ол черногориялық командаға қарсы алаңға шықпайды, себебі маусымда-ақ өз жаңа клубы – «Челсидің» қатарына ауысады. Сатпаевсыз «Қайраттың» құны 9,25 миллион еуроға дейін төмендейді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда «Қайрат» Чемпиондар лигасының төрт іріктеу кезеңінен өтіп, «Астанадан» кейін Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде ойнаған екінші клуб болды.
Уразбахтиннің командасы сегіз матчта жеті рет жеңіліске ұшырады, оның ішінде «Пафоспен» голсыз тең ойнады. Сонымен қатар, «сары-қара» 2026 жылқазақстандықғы Чемпиондар лигасында Лондонның «Арсеналына» екі гол соққан жалғыз команда болды.